"Көліксіз жүрген емеспін". Төреғали Төреәлінің әйелі тосынсыйды қалай қабылдағанын айтты

"Көліксіз жүрген емеспін". Төреғали Төреәлінің әйелі тосынсыйды қалай қабылдағанын айтты
Фото: видеодан алынған кадр

Танымал әнші Төреғали Төреәлі әйелі Толқын Тұрарбекқызына су жаңа көлік сыйлаған еді. Әншінің жұбайы тосынсыйды көргенде, қандай сезімде болғанын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, мұндай сыйлықты күтпеген.

"Шынымды айтсам, ештеңе сезбедім, ешкім ештеңе білдірмеді. Алла мені қуанту үшін қанша адамды себепкер еткеніне көңілім босап қалды. Көліксіз жүрген емеспін, қыз күнімде ата-анам, тұрмыс құрғалы ата-енем, жарым жаяу жүргізген емес... Не үшін көңілім босады? Адамның көңілін сатып алуға болмайтын қымбат құндылық. Мен қандай бай едім Раббым. Маған Lexus көлігі ұнайтынын үйде мамам мен төрем білетін. Қатты үлкен емес, асты биік, қалаға айдауға ең қолайлы көлік деп білемін. Емнен шығып, төрем "Lexus орталығын көріп қайтайық та, уақытымыз бар ғой" деді. "Үйде де ешкім жоқ, папа Кәусар мен Тоғжанды алып кеткен Мегаға" деп қоямын. Лексус орталығына келдік, парковкада атамның, күйеу баланың машиналары тұрған екен. Мен көрмесін деп нөмірлерін шешіп қойған. Содан ішке кіріп, біреуіне мініп көрдім. Кең екен, соңғылары жақсы екен деп қоямын. Төрем де сыр бермейді, "если что с пробегом алып берейін де, олар да новый ғой, просто 1-2 ай ғана айдалған" деп қояды. Содан қасымызға бір менеджер қыз келді, соған мен "с пробегом машиналарыңыз қайда" деп қоямын. Содан ол менеджер қыз "сыртқы жақта с пробегом көліктер бар" деп артынан еріп келеміз. Ойда дым жоқ. Машинам бар, алуға қатты құштар боп жатқан жоқ едім. Төрем айтқасын көре салайық деп келе жатқан адаммын ғой", - дейді ол.

Толқын Тұрарбекқызы көпшілік бір өзінің көңілі үшін бәрін әп сәтте реттеп қойғанына көңілі босағанын жеткізді.

"Мені қуанту үшін енем мен бикеш Астанадан ұшып келген, таңнан садикке кеткен балаларымды атасы алып кеткен, тағы бауырларым, күйеу балалар, қанша мобилограф жиналғанын көріп көңілім босады. Атам Кәусарға айтқан екен бәрін. Дастархан басында Кәусар да сыр бермейді ғой сонда. Қарап тұрсаң, балаларды ол жаққа апару да әуре ғой. Еще әжесі де, мен де қасында емеспіз. 5 баланың қасында қанша адам жүріп игере алмай кетеміз. Атасы немерелерін де, лексус центрді де реттеп, қайын сіңлілеріме алдын-ала хабарлап, бауырлары ма да айтып, бәрі менің кішкентай көңілім үшін ғой", - дейді әншінің жұбайы.

Айта кетейік, бұған дейін Төреғали Төреәлі әйеліне су жаңа көлік сыйлағанын жазған едік.

Тағы да оқи отырыңыздар: Әлеуметтік желіге тәуелді адамның белгілері қандай?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова