Президент мұғалімдер тыныш, тұрақты және алаңсыз жұмыс істеуге құқылы екенін айтты

Президент мұғалімдер тыныш, тұрақты және алаңсыз жұмыс істеуге құқылы екенін айтты
Фото: Тұрар Қазанғапов

Президент мұғалімдер тыныш, тұрақты және алаңсыз жұмыс істеуге құқылы екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Сонымен қатар, салалық министрлік біліктілік талаптарын жиі өзгерту арқылы оқытушыларға қысым жасауды тоқтатуы керек екенін айтқым келеді. Ойына не келсе, соны істейтін шенеуніктердің жүгенсіздігіне тосқауыл қою қажет. Мұғалімдер тыныш, тұрақты және алаңсыз жұмыс істеуге құқылы.

Педагог кадрлардың 60 пайызға жуығы өңірлік жоғары оқу орындарында даярланады. Сондықтан өңірлер деңгейінде жас мұғалімдерді қолдаудың маңызы зор. Әкімдер педагогтерді даярлау және жұмысқа орналастыру үшін қолайлы жағдай жасауы керек"

Айта кетейік, бүгін білім беру қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай елордада республикалық педагогтер съезі өтіп жатыр. Мұндай шара 2005 жылдан бері өткізілмеген. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина