Алматы облысында 40 жастағы ер адам үш жасар егіз қызды зорлаған: министрлік түсінік берді

Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Алматы облысында үш жасар қыздарды зорлау фактісіне қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство бүгінде балаларға медициналық көмек беріліп жатқанын хабарлады.

"Одан кейін аталған отбасымен тәжірибелі психологтар жұмыс істеуді бастамақ. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды, тергеу нәтижелерін күтеміз. Зардап шеккендерді кешенді қорғау мақсатында барлық қажетті шаралар қабылданады", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында үш жасар қыздарды зорлады деген күдікпен 40 жастағы ер адам ұсталғанын хабарлаған едік.

3 қазанда Балқаш ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын кішкене қызына ауылдасы сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасағаны айтып жүгінген.

Қылмысты ашу және қылмыскерді ұстау үшін дереу облыстық және аудандық полиция қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылған. Қылмыс жасады деген 40 жастағы ер адам ұсталды.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева да Балқаш ауданындағы 3 жасар қыздардың зорлану дерегіне қатысы бар күдікті ұсталғанын жазды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!