Оқиға орнында мерт болды: Алматыда жүк көлігінің жүргізушісі самокат айдап бара жатқан адамды қағып кеткен

Алматыда жүк көлігінің жүргізушісі самокат айдаушыны қағып кеткен. Самокат айдап бара жатқан адам оқи орнында мерт болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға бүгін, 4 қазанда 15:55-те болған.

Алматы қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, "Холл" маркалы жүк көлігінің жүргізушісі - 1978 жылы туған А. есімді азамат, Тимирязев көшесімен шығыс бағытта келе жатып, оңға бұрылғанда, самокатпен батысқа қарай жүріп бара жатқан 2010 жылы туған Ж.есімді азаматты қағып кетті.

Алған жарақатының салдарынан жасөспірім оқиға орнында көз жұмды.

Бұл дерек ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Сараптама тағайындалды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина