Астана әуежайы уақытша жабылады

Астана әуежайы уақытша жабылады
Фото: Tengrinews.kz

Астана қаласының әуежайы жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астана қаласының Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайы 11 қазан, 16 қазан және 18 қазан күндері 13:20 - 17:20 уақыт аралығында жабылады.

Әуежайдың жабылу себебі - ұшу-қону жолағында жүргізілетін жөндеу жұмыстарына тікелей байланысты.

Лоукостерлер жолаушыларға ыңғайлы уақытты ұсыну мақсатында жаңа ұшу кестесін қарастырған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина