Кісі өлтіруге қатысы бар қазақстандық Бішкекте ұсталды

Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті кісі өлтіруге қатысы бар деген айыппен Қазақстанның құқық қорғау органдары іздеуге жарияланған Қазақстан азаматын ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі kaktus.media сайтына сілтеме жасап. 

26 қыркүйекте Бішкекте 1995 жылы туған Қазақстан азаматы А.Г ұсталған. Ол Алматы облысының тумасы. ҰҚМК мәліметінше, күдікті шекарадан заңсыз өтіп, "Манас" халықаралық әуежайы арқылы шетелге көшіп кетпек болған.  

Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалған. 27 қыркүйекте Октябрь аудандық сотының қаулысымен ол екі айға Бішкектің тергеу изоляторына қамалды.

Басылым мәліметінше, Қазақстанның құқыққорғау органдары ер адамға кісі өлтіруге қатысы бар деген айыппен іздеу жариялаған. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!