Семей полигонынан зардап шеккендерге 2 миллион теңгеден аса үстемеақы төленбеген

Семей полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккендерге 2 миллион теңгеден аса сомаға үстемеақы төленбеген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Астана прокуратурасына сілтеме жасап.

Елорда прокурорлары қала мектептерінің қызметіне тексеріс жүргізді.

Тексеріспен ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес педагогтер мен техникалық персоналға, сондай-ақ, Семей полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккендерге 2 миллион теңгеден аса сомаға үстемеақы төленбеген. 

Басқа жағдайда, 7 мектептерде қызметкерлердің міндетті медициналық тексеруден өтуі үшін қаржыландыру көзделмеген және тиісті медициналық ұйымдармен шарттар жасалмаған.

"Қадағалау актісі бойынша мұғалімдердің конституциялық құқықтары қорғалды, кінәлі тұлғалар жауапқа тартылды", - делінген хабараламада. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Мұнай қашан таусылуы мүмкін?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз