Мәжіліс колледжде онлайн оқуға мүмкіндік беретін заңды жұмысқа алды

Мәжіліс колледжде онлайн оқуға мүмкіндік беретін заңды жұмысқа алды
Фото: Massaget.kz / Yernar Almabek

Мәжіліс депутаттары "Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және баланың құқығын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын қарауға алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов құжатты Оқу-ағарту министрлігі дайындағанын атап өтті.

"Жоба негізінен 3 мәселені қамтиды. Біріншінден, колледждер үшін онлайн оқу мүмкіндігін беру. Екіншіден, қосымша білім беру ұйымдарын хабарлама беру рәсімі арқылы ашу. Үшіншіден, жетімдерді қолдау үшін кәсіби отбасы институтын енгізу. Жалпы біздің комитет тиісті қорытындыны әзірлеуге дайын", - деді депутат Аймағамбетов.

Аяз Есен

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина