Қара бетперде таққан жігіт қызының емі үшін "времянкасын" сатып жіберген отбасыны қуантты

Қара бетперде таққан жігіт қызының емі үшін "времянкасын" сатып жіберген отбасыны қуантты
Фото: видеодан алынған кадр

Қара бетперде таққан жігіт қызының емі үшін "времянкасын" сатып жіберген отбасыны қуантты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бір ай бұрын біз сіздермен екі отбасының еміне жәрдем бергенбіз. Өздеріңіз куә болғандай, алдында бір отбасыға пәтердің кілтін табыстадық. Аллаға шүкір. Ал екінші отбасы туралы айтатын болсақ, толыққанды отбасы, анасы қатерлі ісікпен, қызы эпилепсиямен ауырады. Алты бала-шағасымен жалдамалы пәтерде тұрады. Естеріңізде болса, қызының арманы әке-анасын қажылыққа апару еді. Бүгін біз сол қыздың арманын орындап, әке-анасына жолдама сыйламақшымыз. Бірақ ең басты сыйлығымыз бұл емес", - дейді қара бетперде таққан адам.

Әрі қарай сол қыздың әкесі отбасының басына қандай сынақ түскенін айтып береді.

"Кредитті жаптым, әпкеңді қараттым. Ем алып жатыр. Операция болады, Құдай қаласа. Бұл жерде тұрып жатқанымызға 7 жыл болды. Бұрын кіші "времянка" соқтық. Бірақ қызым ауырған соң саттым да, кейін Ташкентке апардым. Ташкентте бір-екі жылдай жүрді ғой, емдеттім", - дейді ер адам.

Қара бетпердегі жігіт ер адамға қажылыққа жолдаманы табыстағанда, ол жылап жіберді.

Осы кезде жігіт ер адамның қолына ең басты сыйлықты - конвертті ұстатады. Бұл конверттің ішінде үйдің кілті бар еді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Человек в маске (@chelovekvmaskee)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан