Алматы аудандарының бірінде уақытша суық су болмайды

Алматыдағы Бостандық ауданында жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты суық су беру уақытша ажыратылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.

Желілер және сумен жабдықтау нысандарында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты суық су беру ажыратылады.

"5 қазанда сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін Бостандық ауданында Малахов - Розыбакиев - Әл-Фараби - Ә.Кекілбайұлы көшелері бойында су беру уақытша тоқтатылады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Анықтама үшін телефон нөмірі: +7 727 274 66 66", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!