Астанада мектепте баспалдақтан құлаған оқушы ауруханадан шығарылды

Астанада мектепте баспалдақтан құлаған оқушы ауруханадан шығарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл ақпаратты Астана денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілі растады.

"2 қазанда бала қанағаттанарлық жағдайда үйге шығарылды", - делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетейік, Астанадағы №14 мектеп оқушысы екінші қабатқа шығып бара жатып, баспалдақтан құлап кеткен болатын. Баланың айтуынша, оны сыныптасы итеріп жіберген. Оқиға мектепте орнатылған бейнекамераға түсіп қалған.

Еске салайық, бұған дейін Астанада мектеп баспалдағынан құлаған оқушының жағдайы белгілі болғаны хабарланған еді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!