Алматыда ер адам таксиге отырып, жүргізушілердің телефондарын ұрлап кеткен

Алматыда ер адам таксиге отырып, жүргізушілердің телефондарын ұрлап кеткен
Фото: ІІМ

Алматыда такси жүргізушілерін алдап, телефондарын иемденіп алған күдікті құрықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы полицейлері Алматы облысының 33 жастағы тұрғынын бірнеше алаяқтыққа қатысы болғаны үшін іздестірді. Тәртіп сақшыларының айтуынша, А. есімді ер адам клиент ретінде таксиге отырған. Мекенжайға жеткеннен кейін, ол жүргізушіден қоңырау шалу үшін телефонын сұрап алып, содан соң қашып кеткен. Қаскөй такси жүргізушілерінің телефондарын сатып, түскен ақшаны өзіне жұмсаған.

"Жедел іздестіру шаралары барысында 33 жастағы күдікті ұсталды. Ол жасаған қылмыс тізбегі қаланың бес ауданын қамтиды. Олардың негізінде соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша қылмыстық істер тіркелді. Қаскөй қамауда", - деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова