Тоқаев Того Республикасының президентімен телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев Того Республикасының президентімен телефон арқылы сөйлесті
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Того Республикасының президенті Фор Гнассингбемен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Африкадағы саяси және экономикалық жаңғыру үдерісін ерекше ықыласпен бақылап отырғанын айтып, Қазақстанның бұл құрлықтағы елдермен қарым-қатынасты кеңейтуге ниетті екенін жеткізді. 

Келесі жылы Қазақстан мен Того арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 10 жыл толады. Осыған байланысты мемлекеттер басшылары екіжақты байланыстарды нығайтуға өзара бейілді екенін растады.

Әңгімелесу барысында президенттер сауда, инвестиция, көлік, логистика және ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықты тереңдету перспективаларын, сондай-ақ, халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастық мәселелерін талқылады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова