Пайдалы картоптың түсі қандай болады?

Пайдалы картоптың түсі қандай болады?
Фото: pixabay.com

Картоп - біздің ас мәзірдің ажырамас бөлігі. Оны жеке тағам, гарнир, сондай-ақ ингредиенттердің бірі ретінде қолдануға болады. Бірақ барлық картоп ағзаға бірдей пайдалы ма, әлде керісінше, асқазан-ішек жолдары мен фигураға зиянды ма? Бұл сұрақтарға doctorpiter порталына ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Виталий Наполов жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ең алдымен маман тек күлгін картопты жеп, ақ түстен аулақ болуға тырысыңыз деген кеңестерге аса мән беріп қараудың керегі жоқ екенін айтты.

"Иә, картоптың қабығының түсі әртүрлі. Бірақ бұл өнімнің сапасына ешқандай әсер етпейтін сорттық қасиет", - дейді Наполов.

Ғылым кандидатының айтуынша, қабықтың түсіне қарағанда оның ішінің түсі маңыздырақ.  Мысалы, картоптың іші ақ түсті болса, онда оның құрамында крахмал көп, ал іші сары сорттарда барлығына пайдалы А дәрумені - каротиннің мөлшері жоғары. Іші ызғылт сорттарда антоцианиннің мөлшері тіпті жоғары.

"Антоцианиндер иммундық жүйені нығайтады, онкологиялық ауруларды тежейді, көз ауруларына пайдалы саналады", - дейді Виталий Наполов.

"Бірақ сонымен бірге аллергиялық реакциялары, асқазан-ішек, бауыр және бүйрек ауруларына бейімділігі бар адамдар антоцианині бар картоп сорттарын сақтықпен тұтыну керек".

Картоптың ішінің түсін дәмдік талғамыңызға қарай таңдауыңыз керек, дейді сарапшы.

"Пісіру немесе картоп пюресі үшін ең жақсы - іші ақ сорт, ал қуыру үшін сары деген пікір бар, бірақ іс жүзінде әркімнің талғамы әртүрлі. Салмағы 80 грамнан асатын үлкен картопты таңдаған дұрыс. Ол толық піскен және қалдыққа түйнектің аз бөлігі кетеді. Дегенмен тым үлкен картопты да алмаған дұрыс, өйткені олардың іші бос болуы мүмкін", - дейді Виталий Наполов.

Картоп туралы 5 дерек

  1. Картопта крахмалдың қанша мөлшері бар екенін білу оңай. Картопты екі жартыға бөліп, бір-біріне қосыңыз. Егер олар оңай жабысса, крахмал өте көп деген сөз, ал қосылмаса онда аз.
  2. Қуыру үшін құрамында крахмалдың мөлшері төмен картоп жақсы.
  3. Қызғылт картоп салат үшін жақсырақ, өйткені олар тығыз.
  4. Процестері мен көздері бар картопта мүлдем дәрумен жоқ.
  5. Жасыл дақтары бар картоп улануды тудыруы мүмкін, себебі оның құрамында соланинд бар. Соланиндті жеуге кеңес берілмейді.

Айта кетейік, бұған дейін адам күн сайын құрма жесе не болатыны туралы жазған едік.

Тағы да оқи отырыңыздар: Адамның жүрегі қайғыдан жырылып кетуі мүмкін бе?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә