"Ақша жинайды". Министр Шәріпханов даулы мәлімдемеге қатысты пікір білдірді

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов "ақша жинайды" деп жала жапқандарға жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұған дейін бұрынғы азаматтық қорғау қызметкері Зуялхан Гасанов министр Сырым Шәріпхановқа Түркістан облысының құтқарушыларынан ақша жиналғанын хабарлаған.

Ведомство басшысы мұның шындыққа жанаспайтынын, тексеріс жүргізілетінін айтты.

"Иә, мұндай жағдай болды. Кеше біз оған жауап бердік. Мен ұсынысым - адал өмір сүру, еңбек ету. Сондықтан өтініште көрсетілген деректер болмаған. Бұл бағытта белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз, біз ашықпыз. Бұл туралы мен жұмысқа кіріскенде айтқамын. Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен тығыз жұмыс істейміз. Бұл жағдайда біз тексеру жүргіздік. Мұндай деректер анықталған жағдайда шаралар қабылданады", - деді министр Үкіметтің баспасөз қызметінде.

Еске салайық, бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі Түркістан облысында қызметкерлерден ақша жиналды деген айыпқа жауап берген еді. 

Аяз Есен 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!