71 адам шаурмадан уланып қалған

Қырғызстанда фаст-фудтан улананып, зардап шеккендер саны 71 адамға жетті. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kg-ға сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, Бішкекте Шу даңғылы мен Сүйімбаев көшесінің қиылысында орналасқан фаст-фуд сататын орындарда жаппай улану дерегі тіркелген. Уланудың себебі - шаурма.

Ведомство мәліметінше, 36 адам ауруханаға жатқызылған, олардың бесеуі - 10 мен 14 жас аралығындағы балалар. 

"Жағдайлары жақсарған сайын кейбіреулері амбулаториялық емге жіберілуі мүмкін", - делінген ведомство мәліметінде.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!