Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан зейнеткер қаза тапты

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан зейнеткер қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, 1 қазанда "Газель" көлігінің 75 жастағы жүргізушісі негізгі жолмен келе жатқан Scania жүк көлігіне жол бермей, соқтығысып қалған. Екінші көлікті тізгіндеген Беларусь Республикасының азаматы болып шықты.

Жол апаты салдарынан "Газель" жүргізушісі алған жарақаттарынан сол жерде қаза тапты, ал жарақат алған бес жолаушы Ақтөбе қаласындағы ауруханаға жатқызылды.

Жол апатына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!