"Кореяда "дорамадағыдай" өмір жоқ". Шетелдегі қазақ қызы өзге елдің тыныс тіршілігі туралы айтты

"Кореяда "дорамадағыдай" өмір жоқ". Шетелдегі қазақ қызы өзге елдің тыныс тіршілігі туралы айтты
Фото: видеодан алынған кадр

Кореяда жұмыс істеп жатқан қазақ қызы Меруерт бұл елге демалып келу мен жұмыс істеуге келудің екі түрлі көзқарас қалыптастыратынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол шынайы Кореяда дорамадағыдай өмір жоқ екенін жеткізді.

"Қазір Кореяда жұмыс істеп жатқаныма 5 жыл болды. Инстаграм парақшамда бұл ел туралы қызық деректерді бөлісіп тұрамын. Маған көп адам "Кореяға мен де барғым келеді, мен де жұмыс істегім келеді, Кореяны көргім келеді" деп жазады. Менің ол адамдарға айтарым, бұл елге жай турист ретінде немесе оқуға келу мен қара жұмыс істеуге келудің, ақша табудың арасы жер мен көктей. Өйткені сіз бұл елге демалып 1-2 аптағы келсеңіз керемет Кореяны көресіз, ал жұмыс істеген кезде шынайы Кореяны көресіз. Ал шынайы Корея сізді аямайды, жылатады. Қара жұмыс денсаулығыңызды алады. Алданып қалатын сәттер де болады. Көпшілік жас Кореяны дорамадағы секілді елестетеді. Ал бұл жақта дорамадағыдай өмір жоқ", - дейді ол.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ???????????? ????????? (@dmika13)

Сонымен қатар, Меруерт Қазақстандықтардың тіл білуі тұрғысынан қиындыққа тап болатынын айтты. Қарапайым қызметкерлердің барлығы кәріс тілін білгендіктен, ағылшын тілінің қажеттілігі туындамайды екен.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Зинешов