Найзағай, жаңбыр, жел: алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Найзағай, жаңбыр, жел: алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Фото: ©️ Tengrinews.kz

Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады.

"Қазақстанның солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында ғана солтүстік антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Барлық өңірде тұман түседі. Еліміздің солтүстігінде, орталығында және шығысында түнгі уақытта 1-3 градусқа дейін үсік сақталады. Ауа райында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова