Сарымсақ шынымен де бактериялар мен вирустарды өлтіре ме?

Сарымсақ шынымен де бактериялар мен вирустарды өлтіре ме?
Фото: pixabay.com

Сарымсақ тамаққа ерекше дәм беретін дәмдеуіш ғана емес. Адамдар аурулармен күресу үшін және олардың алдын алу үшін сарымсақтың көмегіне бұрыннан жүгінген. Сарымсақ вирустарды өлтіреді деген пікір бар. Бұл қаншалықты рас?

Сарымсақ түрлі биологиялық белсенді қосылыстарға бай. Соның ішінде аллицин деген зат сарымсаққа тән иіс пен дәмді береді. Аллицин микробтарға қарсы қасиетке ие және кей бактериялар мен саңырауқұлақтарды өлтіре алады. Аллициннің бұл қасиеті жаралардың жазылуына ықпал етеді.

Алайда вирустар - мүлдем басқа микроағзалар. Сарымсақтың микробтарға қарсы қасиеті вирустар үшін тиімді емес. Вирустармен және вирусты тұмаумен күресу үшін вирустарға қарсы дәрі-дәрмектер қажет.

Десе де, сарымсақ жалпы денсаулыққа және иммунды жүйе үшін өте пайдалы. Себебі оның құрамында ағзаны қатайтуға ықпал ететін антиоксиданттар мен қоректік заттар бар. Сондай-ақ сарымсақ қан қысымын төмендетуге көмектеседі және жүрек-қан тамырлар жүйесіне пайдалы. Сарымсақ қандағы жаман холестериннің деңгейін азайтуға ықпал етеді.

Алайда сарымсақты жеуге болмайтын жағдайлар бар:

  • Бүйрегі ауратын адамдарға;
  • Диарея кезінде;
  • Ота жасататын жандарға;
  • Аяғы ауыр және бала емізетін аналарға;
  • Қан қысымы төмен жандарға;
  • Гастрит, асқазан жарасы бар адамдарға.

"Ащы тамақтың қатысы жоқ". Асқазан жарасы неден пайда болады?

А. Жапатова