Ақтөбеде сәбиін шайханаға тастап кеткен әйел не үшін мұндай әрекетке барғанын айтты

Ақтөбеде сәбиін шайханаға тастап кеткен әйел не үшін мұндай әрекетке барғанын айтты
Фото: polisia.kz

Ақтөбеде үш апталық нәрестені шайханаға тастап кеткен әйел табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

29 қыркүйекте жедел басқару орталығының "102" пультіне орталық базар маңындағы шайханадан жаңа туған бала табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Ювеналды полиция қызметкерлері баланы сәбилер үйіне жеткізді.

Полицейлер 31 жастағы жалдамалы пәтерде тұратын әйелді іздеп тауып, бөлімшеге жеткізді. Әйелдің айтуынша, таныстарын кездестіріп, артынша олармен ішімдік ішкен.

Әйелге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 127-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, профилактикалық есепке қойылды.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде бейтаныс қыз үш апталық нәрестені шайханаға тастап кеткені хабарланған еді. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Жаңбыр қандай жылдамдықпен жауады?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек