Алматыда із-түзсіз жоғалған екі ер адам өлі табылды

Алматыда жоғалып кеткен екі ер адам өлі табылды. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram-парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

1983 жылы туған Жарқын Құралбайұлы Арғымбеков 28 қыркүйекте жоғалып кеткен. Күндіз сағат 11 шамасында ер адам ақ түсті Mitsubishi L200 көлігімен Еңбекшіқазақ ауданы Ащыбұлақ ауылынан шығып кеткен. Кейін ол байланысқа шықпаған. 1 қазанда жоғалған ер адамның қайтыс болғаны белгілі болды. Оның өлімінің мән-жайы айтылмады.

1992 жылы туған Равиль Мирзалимович Териянов 29 тамызда жоғалып кеткен. Ер адам сағат 18:00 шамасында "Айнабұлақ-2" ықшамауданындағы үйінен шығып, хабарсыз кеткен. Іздеу жұмыстары бір айға созылды. Полиция қызметкерлері 29 қыркүйекте Еңбекшіқазақ ауданындағы ауылдардың бірінің іргесінен зорлық-зомбылықпен өлген із-түзсіз жоғалған адамның денесін тапты. Қылмысқа күдіктілер анықталып, қамауға алынды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!