Қазақстанның жеті өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның жеті өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның жеті өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

1 қазанда түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады.

1 қазанда түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман болады. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 1 градус үсік болады.

1 қазанда түнде Павлодар облысының батысында тұман болады.

1 қазанда түнде Түркістан облысының тауларында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың таулы аудандарда күші 15-20 м/с. 1 қазанда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Шымкент қаласында 1 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қаласында 1 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.

1 қазанда түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, орталығында тұман болады. 1 қазанда облыстың солтүстік-батысында, орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі болады. Ақтау қаласында 1 қазанда түнде және таңертең тұман болады.

1 қазанда түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады. Көкшетау қаласында 1 қазанда түнде және таңертең тұман болады.

1 қазанда түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде тұман болады. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 18 м/с болады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында үсік 3 градус болады. 1 қазанда облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында 1 қазанда түнде және таңертең тұман болады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина