"Ақкент" тұрғын үйінде шыққан өрт: зардап шеккен тұрғындар үйіне оралды

"Ақкент" тұрғын үйінде шыққан өрт: зардап шеккен тұрғындар үйіне оралды
Фото: қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен

Алматыдағы "Ақкент" тұрғын үйінде шыққан өрттен зардап шеккен тұрғындар үйіне оралды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өрттен зардап шеккен 96 тұрғын үйдің 95-і ретке келтірілді, 1 пәтердің иелері жөндеу жұмыстарын жүргізуден бас тартты. Қазіргі уақытта үй 100 пайыз қоныстанған.

"Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша және аудан әкімдігінің қолдауымен ТЖД резервінен пәтерлерді косметикалық жөндеуге қаражат бөлінді. Құрылыс салушы кабельді ауыстыру, есепке алу құрылғыларын, кіреберіс, лифт және қабат алаңдарын қалпына келтіру жұмыстарын толық жүргізді", - деп атап өтті Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков.

Фото: қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен

Бүгін үй тұрғындары үшін отбасылардың пәтерлерге оралуына орай іс-шара ұйымдастырылды. Үй тұрғындарының бірі Жәнібек Құлыбаевқа аудан әкімі үй тұрғындарын өз өміріне қауіп төнсе де өзгелерді құтқарғаны үшін алғыс хат табыс етті.

Инженерлік коммуникациялар мен кіреберістердің жай-күйі үшін жауапкершілікті құрылыс салушы - "Ayt Housing Complex" ЖШС өз мойнына алды. Электр энергиясы, сумен жабдықтау ағымдағы жылдың 2 қыркүйегінде толығымен қалпына келтірілді.

"Әкімдік тарапынан тұрғындарға 2 айға пәтер жалдау қаржыландырылды. Осы 2 айдың ішінде біз құрылыс салушы ретінде өз бастамамызбен үйдің жалпы аумағын қалпына келтірдік – шахталар, электр кабельдері, шахталардағы есіктер алюминийге ауыстырылды, барлық кабельдер төселді, электр есептегіштері қалпына келтірілді. Жалпы алаңдарда күрделі жөндеу жүргізілді. Сондай-ақ, сыртқы өрт сатысы, өрт дабылы, желдеткіштер, түтін мұржалары – бұл барлық жүйе жұмыс істейді, біз оны әкімдік қызметкерлерімен сынап көрдік", – деді Ayt housing Complex құрылыс компаниясының бас директоры Қанат Ералиев.


Фото: қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен

Пәтерлерді жөндеумен ақаулы актілер негізінде "Болашақ Құрылыс-S" ЖШС айналысқан. Мердігердің айтуынша, олар тұрғындар тілектерін қолда бар бюджет аясында жеке ескеруге тырысты. Жөндеу жоғарғы қабаттардан басталды. Үй тұрғындары пәтерлер дайын болған кезде оралды: 10 қыркүйекте қоныстану процесі басталды.

"Барлық пәтерлердің иісі өте ауыр болды. Мұнда озондау технологиясы қолданылды. Бұл пәтерлердегі ауаны белгілі бір өңдеуге әрі иісті кетіруге мүмкіндік берді. Қазір үйлердегі ауа таза, адамдар қоныстануда, барлығы риза", - деп атап өтті "Болашақ S құрылыс" ЖШС жобасының басқарушысы Сергей Ковалев.

ТЖД мәліметінше, Ақкент шағын ауданындағы барлық 58 үйде өрт қауіпсіздігі тексерілді. Анықталған бұзушылықтар негізінен апаттық шығулардың бітелуімен байланысты болды. ТЖД қызметкерлері қала бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығулар, көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындарымен және МИБ, ПИТ өкілдерімен өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіру бойынша профилактикалық көшпелі әңгімелер өткізеді. Өкінішке орай, тұрғындар баспалдақ алаңдары мен эвакуация жолдарын жауып тастаған жағдайлар әлі де тіркелуде. Сондықтан алдын алу жалғасуда, түсіндірме жұмыстарымен есепке алынған 1079 көпқабатты үй қамтылады.

Еске салсақ, 1 тамызда Ақкент ш/а тұрғын үйінде өрт болды. Үйдің 300-ден астам тұрғыны эвакуацияланды. Бұған дейін Президенттің тапсырмасы бойынша 6 адам "Ерлігі үшін" медалімен марапатталған болатын.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина