"Ход-догтарға бір сәлем!" Кәсібіне жаңа амбассадор болған жігіттің бетін ашқан блогер сынға қалды

"Ход-догтарға бір сәлем!" Кәсібіне жаңа амбассадор болған жігіттің бетін ашқан блогер сынға қалды
Фото: instagram.com/askhat_abu_muhammad/

Желіде танымал блогер, жеке кәсіпкер Асхат Абу-Мұхаммедтің парақшасына жариялаған жазбасы жұрттың наразылығын туғызды. Онда "Salam Bro" фастфуд тағамдары желісінің жаңа амбассадоры болған жігітті қазақтың салт-дәстүрінің бірі беташар арқылы таныстырған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеода "ход-догтар мен бургерлерге бір сәлем" деген сөздерді естуге болады. Желі қолданушылары қазақтың салт-дәстүрін қорлады деп, жарнамада жігіттің бетін ашқанына наразы болды. 

Ал енді беташарымызды бастаймыз!

Уау бұл қазақ ақындарын бағалап еді,

Қабдолға сөз бердіңдер Шабалар деп.

Асхат аға звондап айтып еді.

Беташарға домбыраңды ала кел деп.

Salam Bro-ға шақырған соң жетіп келдім,

Келмей қалсам, аш қалып қалам ба деп.

Ендеше шапалақ ұрыңыздар, той иесі Асхат деген бауырыма деп.

Жаңа келген аудиторияға - бір сәлем.

Ең күшті ход-догтарға - бір сәлем.

О ход-тогтарымызға - бір сәлем.

Акция іздейтін студенттерге - бір сәлем.

Как всегда акция іздеп жүретін студенттерге - бір сәлем.

Бургерлерді сүйетіндерге - бір сәлем.

Salam Bro-ның ең дәмді бургерлерін сүйетіндерге - бір сәлем.

Ал енді келесі бас құдамыз,

Асхат жанды қалдырма, аздау ақша салдырма

Бизнес десе "ШУ" деген, көп жұмыстар істеген.

Жастарды көп қолдаған, елін-жерін ойлаған

Salam Bro-ны ашып ап, франшизаға тоймаған.

Halal Slice-ы тағы бар, бизнестері тағы бар

Айта берсең өте көп

Сөзіме Асхат құлақ сал

Әр сөзімнің жаны бар, осындай жомарт адамнан

Нормально ақша табылар,

Бас құдамыз Асхатқа - бір сәлем.

Ал ендеше Беташар құтты болсын,

Осымен беташар рәсімі бітті.

Енді келіннің бетін ашайық,

Қошемет-құрмет ұрып қойыңыздар,

Ал келін құтты болсын!

Қабыл алыңыздар, Salam Bro-da жаңа амбассадор Қабдол!" - деп айтылған видеода. 

Видео соңы қарт әйелдің батасымен аяқталады.

"Я Құдайым берсін, берекесін берсін. Халыққа, елге жақсылық жасап, аман есен жүре беріңіз. Миллионер болып, денсаулықтарыңыз зор болсын!", - деп бара берді әйел.

Желі қолданушылар бұған қатысты түрлі пікір қалдырған. 

"Беташар салт-дәстүр, мазақ болды ғой, еркекті тұрғызып келіннің орнына","Әбден мазақ еттіңдер ғой салт-дәстүрімізді, бұл не деген өздеріңді күлкі келемеш ету, сұмдық, сөз жоқ!", "Ақша, ақша деп не боп кеттіңдер", "Мұны бекер жасадыңыздар! Бұл қате! Қандай хот-догтарға сілем? Бұларыңыз не?", "Осы дұрыс па енді?", "Не қуып жүр еркектің бетін ашып", "Ағаларымызға не болып бара жатыр. Бізге не тәрбие беріп жатсыздар? Сіздерден үлгі аламыз ба десек", "Қазақтың беташары да мазақ болды ғой", - деп наразылық білдірген желі қолданушыларының көпшілігі жазба астына. 

Жарнаманың бұл әдісін ұнатып, құттықтаған қолданушылар да бар.

"Жарнама деп осыны айт", "Құтты болсын!", "Міне шығармашылық", "Сұмдық беташар", - деп жазба авторларын қолдағандар да бар. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Адамның жүрегі қайғыдан жырылып кетуі мүмкін бе?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә