Президент Siemens AG компаниясының басқарма төрағасын қабылдады

Президент Siemens AG компаниясының басқарма төрағасын қабылдады
Фото: Akorda.kz

Мемлекет басшысы Siemens AG компаниясының басқарма төрағасы Роланд Бушты қабылдады , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақорданың хабарлауынша, келіссөз барысында өнеркәсіп, энергетика, машина жасау және цифрландыру салаларындағы өзара ықпалдастықтың мүмкіндіктері жан-жақты талқыланды.

Siemens AG компаниясы – көлік, энергетика, медицина құрал-жабдықтары, электр және жарық техникасы өнімдері мен қызметтерін ұсынатын, сондай-ақ өнеркәсіптің түрлі саласында арнаулы қызмет көрсететін Германия және Еуропа Одағы аумағындағы ірі индустриялық конгломерат.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан нарығына алғаш келген неміс компанияларының бірі – Siemens еліміздің технологиялық дамуына елеулі үлес қосқанын атап өтті. Президент Siemens AG компаниясымен ынтымақтастықтың келешегі зор екенін айтты.

Кездесуде диалогты жалғастыру және инновациялық дамуға, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға ықпал ететін бірлескен жобаларды одан әрі жүзеге асыру маңызды екені атап өтілді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан