Азия ойындарында Қазақстан қоржынына жеңіл атлетикадан алғашқы жүлде түсті

Азия ойындарында Қазақстан қоржынына жеңіл атлетикадан алғашқы жүлде түсті
Фото: instagram/drs_kz

Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Каролин Чепкоеч Кипкируи 10 000 метр қашықтықты 33 минут 15.83 секундта жүгіріп, мәре сызығын үшінші болып кесті.

Осылайша, отандасымыз ел қоржынына жазғы Азиаданың кезекті қола жүлдесін салды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан