Қазақстандық велотрекшілер Азия ойындарының қола жүлдесін еншіледі

Қазақстандық велотрекшілер Азия ойындарының қола жүлдесін еншіледі
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

Велотректен Қазақстан құрамасының қоржынына қола медаль түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мэдисон бағдарламасының финалында өнер көрсеткен Артем Захаров пен Рамис Дінмұхаметов жұбы 37 ұпай жинап, тек Жапония мен Оңтүстік Корея велошабандоздарынан қалып кетті. Оларда 54 ұпайдан.

Бұл бағдарламада спортшылар 200 айналым жасады (50 шақырым).

Бұл - Қазақстан делегациясы жеңіп алған 25-медаль. Оның үшеуі - алтын, төртеуі - қола, 18-і - қола. Ұлттық құрама қазір жалпы есепте 11-сатыда келе жатыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан