Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы Азия ойындарының күміс жүлдесін жеңіп алды

Сапында Руслан Құрбанов, Эльмир Әлімжанов, Ерік Сартай, Вадим Шарлаимов бар семсерлесуден Қазақстанның ерлер құрамасы Азиада ойындарының күміс медалін жеңіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Финалда қазақстандық спортшылар Жапония командасына есе жіберді. Қорытынды есеп – 36:35 Бұл Азия ойындарындағы Қазақстан командасының семсерлесудегі үшінші медалі.

Кеше біздің спортшылар командалық жарыста қола жүлдеге ие болды. Бір күн бұрын шпажист Эльмир Әлімжанов жекелей сында үшінші келді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!