Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Германиядағы кездесуінде не айтты?

Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Германиядағы кездесуінде не айтты?
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Германия Президентімен кездесуіне қатысты. Жиын барысында Президент бірнеше маңызды мәлімдемелер айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Украинадағы дағдарыс Еуропаның, сондай-ақ Орталық Азия елдерінің қауіпсіздігіне айтарлықтай әсер етеді деген пікір айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұған жауап ретінде өзара тиімді бейбіт шешімдер іздеуге бағытталған салиқалы дипломатия қажет екенін тағы да мәлімдеді. Мемлекет басшысы тараптардың нақты келіссөздерге кірісуі қажет екеніне назар аударды.

Қазақстан Президенті Орталық Азия елдері мен Германия арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейту қажет екеніне тоқталды.

Атап айтқанда, Мемлекет басшысы ғылым және білім салаларындағы бірлескен жобаларды, неміс тілін оқыту бағдарламаларын іске асыруды қолдады.

Сонымен қатар, кездесуде Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов сөз сөйледі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина