СҚО-да өзбекстандық ер адам туған қызын зорлаған

СҚО-да өзбекстандық ер адам туған қызын зорлаған
Фото: elements.envato.com

Солтүстік Қазақстан облысында өзбекстандық ер адам туған қызын зорлаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "НЕДЕЛЯ СК" басылымына сілтеме жасап. 

Облыстық полиция департаментінің басшысы Айдын Қабдулдиновтың сөзінше, бұл дерек бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілген.

"Мағжан Жұмабаевтың ауданында бір дерек бар. Өзбекстандық ер адам мас күйде өзінің кәмелетке толмаған қызына жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасаған. Қылмыстық іс аяқталып, сотқа жіберілді", - деді Айдын Қабдулдинов брифингте.

Облыста барлығы 43 педофил тіркелсе, оның 34-і түрмеде отыр. Қалғандары полицияның жіті бақылауында. Олар бостандыққа шыққан соң бірден бақылауға алынып, апта сайын мекенжайлары тексеріліп, жүріс-тұрысы, жұмысқа орналасуы, алкогольдік ішімдіктерді асыра пайдаланбауы қадағаланады.

Биыл Солтүстік Қазақстан облысында кәмелетке толмағандарға қатысты 31 қылмыс жасалған.

Тағы да оқи отырыңыздар: Гемоглобинді қалай көтеруге болады?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек