Павлодарда мас ер адам мектеп аумағында дәрет сындырған

Павлодарда ер адам мектеп аумағында дәрет сындырып, жат қылық көрсеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға №16 мектеп аумағында болған. 

Полиция қызметкерлері ер адамның жеке басын анықтады. Павлодарда 46 жастағы тұрғын ұсталды. Сот барысында ол мас болғанын және әрекетін есіне түсіре алмағанын түсіндірді. Ол істеген әрекетіне өкінді.

Ер адамға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық утралы кодексінің 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды және сотқа жіберілді. Сот шешімімен ер адамға 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды.

Тағы да оқи отырыңыздар: Айдың 29 күні дүниеге келген адамдар қандай болады?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!