Бүгін ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 29 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Солтүстік-батыс антициклон жотасының әсерінен еліміздің батыс жартысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, ал елдің қалған аумағында атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауады, күндіз Алматы облысының таулы аудандарында-жауын-шашын (жаңбыр, қар). Қазақстанның оңтүстік жартысында найзағай ойнайды. Республика бойынша тұман, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, күндіз шығыста және орталықта екпінді жел күтіледі", - деді синоптиктер.

Ақтөбе облысының солтүстігінде түнде топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.

Түркістан облысында, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар. Жамбыл облысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде және Ұлытау облысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Атырау облысының шығысында, Маңғыстау, Қызылорда облыстарының батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Тағы да оқи отырыңыздар: Жерден Күнге дейінгі арақашықтық қандай?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!