Федералдық канцлер Германияның Қазақстанмен жан-жақты ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін растады

Федералдық канцлер Германияның Қазақстанмен жан-жақты ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін растады

Федералдық канцлер Олаф Шольц Германия тарапының Қазақстанмен жан-жақты ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Канцлер Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды толық қолдайтынын әрі оған оң баға беретінін жеткізді. Канцлердің пікірінше, заң үстемдігін қамтамасыз ету – елді орнықты дамытудың және шетелдік инвесторларды қолдаудың ең басты шарты.

Германия тарапы Қазақстанмен арадағы сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды нығайтуға дайын екенін нақтылады.

Атап айтқанда, мұнай жеткізу көлемін ұлғайтуға, жеткізу тізбегін әртараптандыруға және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қызығушылық танытты.

Сондай-ақ "Жасыл" энергетиканы пайдалану және климат мәселесін бірлесіп ілгерілету бағытында қарқынды қарым-қатынасты жолға қою қажет екеніне назар аударды.

Екі елдің шағын және орта бизнес өкілдері үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында бірлескен жұмысты жандандыруға баса мән берілді

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан