"Хәрри Поттер" фильмдерінде Дамблдордың рөлін сомдаған актер қайтыс болды

"Хәрри Поттер" фильмдерінде Альбус Дамблдор рөлін сомдаған актер Майкл Гэмбон қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі The Guardian-ға сілтеме жасап.

Ол 83 жасында әйелі мен ұлының көз алдында ауруханада қайтыс болды. Басылымның мәліметінше, Гамбон пневмониямен ауырған.

Гамбон 1940 жылы 19 қазанда Дублинде дүниеге келген. Ол осы қалада ата-анасымен бірге 1945 жылға дейін тұрды, содан кейін әкесі бомбадан қираған Лондонды қалпына келтіру бойынша жұмысқа орналасып, отбасымен Англияға көшті. Гамбон католиктік колледжде оқыған, бірақ оқуын тастап, құрал шығаратын зауытына жұмысқа орналасып, жеті жыл жұмыс істеді.

Ол 1965 жылы фильмдерге түсе бастады. Ол алғаш рет "Отелло" фильмінің эпизодында ойнады. 

1985 жылы Гамбон "Оскар" фильмінде Оскар Уайлд рөлін сомдады, содан кейін ол көп фильмде басты рөлдерді сомдай бастады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!