Ресей Қазақстанның аумақтық тұтастығына қауіп төндіруі мүмкін бе? Тоқаев жауап берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Ресей тарапы Қазақстанның аумақтық тұтастығына қауіп төндіруі мүмкін" деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Ресей мен Қазақстан арасындағы шекара делимитацияланғанын және жеткілікті деңгейде демаркацияланғанын мәлімдеді. Сондай-ақ мұны екі елдің Парламенті де растап,  ратификациялаған.

"Сондықтан бізде Ресей тарапынан біздің аумақтық тұтастығымызға қауіп төндіреді деп алаңдауға негіз жоқ. Біз екіжақты негізде, сондай-ақ тиісті интеграциялық бірлестіктер шеңберінде тұрақты достық байланыстарды қолдаймыз", - деді Тоқаев.

Президент Қазақстан мен Ресейдің әлемдегі ең ұзын құрлық шекарасы бар екенін айтты. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!