Қызылорда облысында ауыл тұрғыны полицейлерді пышақпен қорқытып, киімін жыртып тастаған

Қызылорда облысында полицейлерді пышақпен қорқытып, киімін жыртып, қарсылық көрсеткен ауыл тұрғыны қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

26 қыркүйекте Жалағаш аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция тобының қызмет инспекторы жол қозғалысы ережесін бұзған көлік жүргізушісін тоқтатқан. Полиция қызметкерлері заң шеңберінде УАЗ көлігінің жүргізушісінен құжаттарын ұсынуын сұраған. Ал жүргізуші балағат сөздер айтып, талапқа бағынбаған. Полицейді пышақпен қорқытып, киімін жыртқан. Қарсылық көрсеткен Жалағаш ауданының 32 жастағы тұрғыны болып шықты. Автокөлік айып тұрағына қойылды.

Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Күдікті полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!