Тоқаевтың Германиядағы ресми сапары басталды

Тоқаевтың Германиядағы ресми сапары басталды
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Сапар барысында Мемлекет басшысы Федералдық Канцлер Олаф Шольцпен және Федералдық Президент Франк-Вальтер Штайнмайермен келіссөз жүргізеді.

Фото: Ақорда

Сонымен қатар, Президент Орталық Азия және Германия мемлекеттері басшыларының кездесуіне қатысады деп жоспарланып отыр.


Фото: Ақорда

Бұдан бөлек, сапар аясында Мемлекет басшысы халықаралық Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйлейді және Германияның іскерлік қоғамдастығы өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина