Еңбек тағылымдамасы үшін компания ақы төлеуі керек пе?

Өміріңізде бір рет болсын жұмыс іздеген кезде сізді қабылдауы үшін тегін тағылымдамадан өткен боларсыз. Көптеген азамат жұмыс іздегенде, мейлі ол әлі студент немесе жоғарғы оқу орнын енді тәмамдаған жас маман болсын ақысыз тағылымдамадан өтеді. Мекеме жұмысқа қабылдауы үшін өтетін тағылымдаманың төленбеуі дұрыс па? Қаншалықты заңды? Осы туралы "Право знать" Telegram-арнасы жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ҚР Еңбек кодексінде "тағылымдама" ұғымының анықтамасы жоқ, бірақ кодексте ол жұмыс беруші бағыттайды деген контексте көрсетілген.

"Право знать" Telegram-арнасының мәліметінше, іс жүзінде жұмыс беруші әдетте "тағылымдама" ұғымын 2 тағайындауда қолданады.

  • Біріншісі, үміткердің кәсіби тәжірибесі мен біліктілігін анықтау үшін қысқа мерзімде жұмыс ісеу мүмкіндігі беріледі, әдетте, мұндай жұмыс төленбейді.

Бірақ еңбек заңнамасына сәйкес қызметтің бұл түрі сынақ мерзімі болып саналады. ҚР Еңбек кодексінің 36-бабы бойынша еңбек шартын жасасқан кезде еңбек шартында жұмыскердің тапсырылатын жұмысқа біліктілігінің сәйкестігін тексеру мақсатында сынақ мерзімі туралы талап белгіленуі мүмкін. Сынақ мерзімі жұмыс басталған күннен басталады және 3 айдан аспауы керек.

Сынақ мерзімі қызметкердің еңбек өтіліне қосылады және ол төленуі керек. Сынақ мерзімінде қызметкерге жалақы мөлшерін штат кестесінде белгіленген сомадан аз мөлшерде белгілеуге тыйым салынған.

  • Екіншісі, алған білімін бекітіп, тәжірибеде қолдану мақсатында жас мамандар, студенттер жұмыс істейді.

Мұндай қызметті әдетте 4 курс студенттері өндірістік оқыту немесе кәсіби тәжірибе ретінде өтеді.

Білім алушы өндірістік оқыту мен кәсіптік тәжірибеден өту кезінде еңбек тәртібінің ережелері қолданылады. Өндірістік оқыту мен кәсіптік тәжірибеден өту кезінде орындаған функционалдық міндеттер білім алушының еңбек өтіліне қосылады.

Мекеме білім алушыға тәжірибеден өткені үшін өтемақы төлеуі мүмкін, бірақ міндетті емес, бұл ұйымның қалауы бойынша шешіледі.

Білім алушының тәжірибеден өткенін дуальды оқыту туралы шартпен рәсімдеуі керек. Бұл шарт оқу орны мен студенттер тәжірибеден өтетін ұйымның арасында жасалады. Бұл шарт еңбек санатына жатпайтындықтан, мекеме еңбекақы төлеуге міндеттелмейді.

Telegram-арна авторы оқырмандарға азаматтың еңбек құқықтары бұзылмауы үшін құқықтық мәртебе мен қызметін дұрыс анықтай білу маңызды екенін ескертті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!