Қазақстандық боксшы нокдаунмен жеңіске жетіп, Азия ойындарының ширек финалына шықты

Қазақстандық боксшы нокдаунмен жеңіске жетіп, Азия ойындарының ширек финалына шықты
Фото: Tengrinews.kz

Бүгін бокстан 63,5 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғайтын Ертуған Зейнуллинов Азия ойындарының 1/8 финалында Баходур Усмоновты жеңді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Жекпе-жек барысында екі боксшы да бір-бірін есеңгіретіп (нокдаун) алды. Әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2 дүркін Азия чемпионы атанған Тәжікстан спортшысы осы салмақтағы фавориттің бірі саналды.

Енді Ертуған әлем чемпионы Руслан Абдуллаев (Өзбекстан) пен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Баатарсухийн Чинзориг (Моңғолия) жұбының жеңімпазымен жұдырықтасады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан