Қарағандыны су басты: адамдар, көліктер "жүзіп жүр"

Қалада жауған нөсер жауын салдарынан Қарағанды ​​көшелерін су басты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде Қарағандыдағы нөсер канализациясы су ағынына төтеп бере алмай жатқанын көрсететін видеолар тарап жатыр. Оқиға қала тіршілігіне айтарлықтай әсер еткен: қала орталығындағы көшелерді су басып, көліктер мен қоғамдық көліктер суда қалды. Тұрғындар көшеде тізеге дейін жеткен суда жүруге мәжбүр.

Мәселен, қарағандылықтар аялдамалардың бірінде автобусқа осылай отыруға мәжбүр болды.

Ал мына видео автобустың өзінде түсірілген. Видео авторлары оқиғаның нақты қай жерде болғанын көрсетпеген. 

Ал мына видео Қарағандыдағы жоғары оқу орындарының бірінде түсірілген. Жазба авторлары видеоның "политехта" түсірілгенін, оны да жаңбыр суы басып кеткенін айтқан.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз