Қыран Талапбек 700 миллион теңгеден аса қаржы жұмсаған үйін көрсетті

Қыран Талапбек 700 миллион теңгеден аса қаржы жұмсаған үйін көрсетті
Фото: әлеуметтік желі

Танымал әнші Жанар Айжанованың экс-күйеу баласы, мобилограф Қыран Талапбек қымбат үйін көрсетті. Бұл туралы ол Бейбіт Әлібековқа берген сұхбатында әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қыран Талапбектің айтуынша, жаңа үйі 10 соттық, 500 шаршы метр.

"Бұрынғы үйімізді саттық. Ақшамыз тек жер алуға жетті. Бұл үйдің көлемі - 10 соттық. Бұл жерде ескі үй болды. Оны сүріп тастадық. Өте көп қаражат жұмсадық. Менің есептеуімше, 1,5 миллион доллардан көп кетті. Үй 500 шаршы метр", - дейді ол.

© видеодан алынған кадр

Қыранның жұбайы Гүлзада Тұрлаш та үйдің артықшылықтарын айтқан.

"Ата-анамен тұру жақсы. Барлық жағдай жасалғандықтан қиналмаймын. Мұнда біз Қыран екеуіміз, Қыранның інісі, ата-анасымен тұрамыз. Үйде бір-бірімізді көрмейміз. Әркім өз өмірін сүреді. Үйдегі әр жатын бөлмеге саусақ таңбасымен ғана кіруге болады. Біз біріміздің бөлмемізге біріміз кірмейміз", - дейді Гүлзада Тұрлаш.

© видеодан алынған кадр

Дизайнер үйдің биіктігі 3,5 метр екенін айтты. Сондай-ақ, мобилограф Қыран Талапбек көлік тұрағын көрсетті.

"Бес көлік бар. Біреуі әкемдікі, біреуі менікі, біреуі жұбайымдыкі. Тағы біреуі ұтысқа қойған көлігіміз. Оны кейде мен, кейде інім айдайды", - деді Қыран Талапбек. 

© видеодан алынған кадр

Желі қолданушылары Қыран Талапбектің үйіне қызығушылық танытып, пікір қалдырды.

"Керемет, қонақ жайлы отбасы! Дәстүрді білетін, заманауи,сондай риза болдым. Анасын ,әкесін, келіншегін сыйлайтын керемет жандар", "Әр қазағым осындай үйлі болсын", "Анасы мықты адам екен", "Үйлеріңіз өте керемет", - деп жазды олар.

Айта кетейік, бұған дейін мобилограф Қыран Талапбек қазіргі әйеліне iphone 15 телефонын сыйға тартқанын жазған едік. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Е. Ерболұлы