Етін жеу үшін аю атқан: Шығыс Қазақстанда браконьер ұсталды

Етін жеу үшін аю атқан: Шығыс Қазақстанда браконьер ұсталды
Фото: ІІМ

Шығыс Қазақстан облысында аюды атқан браконьер ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлер Ново-Троицкое ауданында заңсыз аң аулаумен айналысқан Өскемен қаласының 37 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті жыртқышты етін тұтыну үшін атып өлтірген. Тәртіп сақшылары оқиға орнынан рұқсат құжаттары бар 12 калибрлі Ataarms және 308 калибрлі Zauermod мылтықтарын, квадроцикл, аюдың ұшасын тәркіледі, кейін олар ветеринариялық зертханаға сақтауға берілді.

"Күдіктіге келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Осы дерек бойынша күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы 1-бөлігі (Заңсыз аңшылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылады", - делінген ведомство хабарламасында.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова