Қарағанды облысындағы цемент зауытында 17 жастағы жұмысшы қаза тапқан: кінәлілер әлі жазаланбаған

Қарағанды облысындағы цемент зауытында 17 жастағы жұмысшы қаза тапқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Жігіт көміртегі тотығынан уланып, ыстық көмірге құлап кеткен. Марқұмның анасының сөзіше, қайғылы оқиға екі жыл бұрын болған, бірақ кінәлілер әлі жазаланбаған.

Татьяна Асанованың ұлы 17 жасында бұл жұмыс орнына монтаждаушының шәкірті болып барған. Ал бір жарым айдан кейін Илья қаза тапты. Марқұмның анасы әлі үйренбеген балаға қауіпті іс сеніп тапсырылғанына қапалы.

"Central Asia Cement" зауытынан маған ешкім келген жоқ. Ешкім көңіл айтқан жоқ, тіпті олардың кім екенін білмеймін. Олармен бір жарым ай жұмыс істеді, ол үш ай бойы шәкірт болуға мәжбүр болды. Олар оны монтаждау жұмыстарына жіберіп отыр. Қандай монтаждаушы?" - дейді ол.

Цемент зауыты жылына екі рет тексеріледі екен. Бұл туралы еңбек инспекциясы өкілдері айтты. Жұмысшылар қаза тапқаннан кейін жоспардан тыс тексерістер болған. Кәмелетке толмаған адам қайтыс болғаннан кейін арнайы тергеу жүргізіліпті.

"2021 жылғы 31 мамырда болған жазатайым оқиғаның себептерін анықтап, жұмыс берушінің 100 пайыз кінәсі анықталды. Жұмыс беруші тарапынан еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы бұзылған", - дейді Қарағанды облысы еңбек инспекциясы басқармасының баспасөз хатшысы Әйгерім Шәкенова.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!