Алматы облысында "Қонаевқа жасыл жол" жобасы таныстырылды

Алматы облысында "Қонаевқа жасыл жол" жобасы таныстырылды
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сәриев

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевке Алматы-Қонаев тасжолының бойындағы 16,5 шақырым жолды гүлденген дәлізге айналдыру бойынша алатын "Қонаевқа жасыл жол" символдық атауы бар жобасымен таныстырылды.                                             

Әзірлеуші-голландиялық "MLA+" компаниясы. Бұл жоба міндеттері ауқымды, көзделген мақсатқа қол жеткізу мерзімдері нақты сипатталған Жол картасы болып саналады. Жоба жұмыстары 2022 жылдың қыркүйек айында Орталық Азиядағы тұрақты ландшафттарды қалпына келтіру жөніндегі Дүниежүзілік банктің "Алматы қаласының жасыл желегін басқару және Алматы агломерациясының аймақтық жасыл дәлізін дамыту жөніндегі іс-қимыл жоспарын жасау" (RESILAND CA+) бағдарламасы аясында басталған.
Бұл ерекше жол Қаскелең өзенінен Қонаев қаласына дейін созылады.

Көгалдандыру жолағының ені жолдың әр жағында 20-дан 80 метрге дейін болады. Жобаны іске асыру шеңберінде ауа сапасын жақсартатын, жол учаскесін көптеген жануарлар мен өсімдіктер үшін жайлы көркем аралға айналдыруға көмектесетін тұтас экожүйе құрылатын болады. Кең жасыл дәліз туристерді тартатын орынға айналады, жергілікті тұрғындар үшін велосипед жолдары, пикниктер өткізуге арналған алаңдар және Қапшағайдағы көрініс алаңдары бар аялдамалар көзделетін болады.

Жобаны іске асыру азаматтардың денсаулығына нақты қамқорлықтың көрінісі болады, оларға таза ауада белсенді демалуға мүмкіндік береді. Бұл ұлт денсаулығына да, аймақтың болашағына да нақты инвестициялар.​​ Жобаны әзірлеушілер көгалдандырудың екі нұсқасын ұсынады: біріншісі - тамшылатып суару технологиясын қолдану, екіншісі-құрғақшылыққа төзімді. ​Бұталар мен ағаштарды отырғызудың модульдік жүйесі, яғни әртүрлі шағын аудандар қарастырылған. Бұл әдемі, практикалық және арзан, суару машинасының жүру орындарын сақтауға көмектеседі.                                 

Сонымен қатар, жолдың шетіндегі көгалдандыру деңгейлері, соның ішінде екпелердің биіктігі әр түрлі болады. Мұндай шешім аумақты жел мен шудан қорғауға мүмкіндік береді.​​​​​​​​​ Жобаны әзірлеуге Дүниежүзілік банк демеушілік жасады. Енді оны іске асыру үшін, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде қаражат көздеу қажет.​​​​​​​​ Қаржыландыру мәселесі шешілгеннен кейін, әзірлеуші компания сынақ зертханасы болатын 1,5 га жұмысың бастауға әзір. Эксперименттік учаскенің ұзындығы небәрі 255 метрді құрайды. Қапшағай су қоймасының көрінісі мен облыс орталығының жақындығы инвесторларды қызықтыруы мүмкін. Сонымен қатар, жақын жерде жылыжай кешені жұмыс істейтіндіктен, жүйемен жабдықтауға қосылу мүмкіндігі бар.​                   

Осылайша, "Қонаевқа жасыл жол" әдемі ландшафтық жобасы - бұл Қонаев қаласының  тұрғындары мен  облыс орталығы  қонақтарының да өмір сүру сапасын арттыруға үлкен  мүмкіндік. Оның экономикалық және экологиялық маңызы зор. Жобаның маңызды ерекшелігі - ол белгілі бір аумақтың климаттық жағдайларына қарай қарастырылып жатыр.

Алматы облысының әкімдігі ұсынған материал

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек