"Қой бағып жүрген малшы тапқан". Атырау облысында зымыран құлады

"Қой бағып жүрген малшы тапқан". Атырау облысында зымыран құлады
Фото: Видео кадры

Атырау облысында зымыран құлады. Оны Сүйіндік ауылының маңында мал бағып жүрген қойшы байқаған. Бүгін құзырлы орган өкілдері жарылғыш затты залалсыздандырғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап. 

Зымыран қалдықтары ауылдан екі жарым шақырым жерде жатыр. Алайда әскери қарудың қайдан ұшырылғаны және қай уақытта құлағанын ешкім білмейді. Қорғаныс министрлігі де бұл оқиғаға қатысты ешқандай ресми ақпарат берген жоқ.

Айта кетейік, Құрманғазы ауданындағы Сүйіндік ауылы Ресеймен шектесіп жатыр. Ауыл әкімі Данияр Сабыров зымыран толық залалсыздандырылғанын ғана растады.

"Қой бағып жүрген малшы Сүйіндіктен шығыс оңтүстікке қарай 2-3 шақырым шамасында белгісіз ракетаның құлап жатқанын көріп, бізге хабарлады. Біздер сол жерге барып, оны қоршауға алып, тиісті орындарға хабарладық", - деді Сүйіндік ауылының әкімі Данияр Сабыров. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Ұстаздар туралы қызықты деректер керек 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек