Шымкентте мұғалім несиесін жабамын деп алаяқтарға тап болған

Шымкентте мұғалім несиесін жабамын деп алаяқтарға тап болған
Фото: polisia.kz

Шымкентте мұғалімді алдап соққан алаяқ қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Абай аудандық полиция басқармасына мұғалім алаяқтықтың құрбаны болғанын айтып жүгінген. Ер адам банктегі 4,6 миллион теңге несиесін жабу үшін бейтаныс әйелдің көмегіне жүгінген. Алаяқ банкроттық жариялау арқылы қарыз толық өтелетініне сендіріп, өз қызметі үшін 120 мың теңге алып, "ізін суытқан".

Полицейлер бұл жайтты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде күдікті анықталып, қала аумағында ұсталып, полиция басқармасына жеткізілді. Тергеу барысында жергілікті тұрғын бұған дейін осыған ұқсас қылмысы үшін сотталғаны және мұғалімнен кейін тағы бір кәсіпкерді алдап соққаны белгілі болды. Ол кезекті құрбанын мемлекеттен қайтарымсыз 5 миллион теңге грант алып беремін деп сендіріп, 350 мың теңгеге сан соқтырған.

Қазір күдікті әйел қамауда. Соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова