Экс-министр Дархан Қыдырәлі депутат болып тағайындалды

Дархан Қыдырәлі Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды, - делінген хабарламада. 

Мемлекет басшысының жарлығымен Парламент Сенатының депутаты Асқар Шәкіровтің өкілеттігі тоқтатылды.

Еске салайық, биыл қыркүйекте Дархан Қыдырәлі ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымынан босатылған еді.

Тағы да оқи отырыңыздар: Ұстаздар туралы қызықты деректер керек

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!