Экс-министр Дархан Қыдырәлі депутат болып тағайындалды
![Экс-министр Дархан Қыдырәлі депутат болып тағайындалды](/userdata/news/news_91326/image_l.jpg)
Фото:
gov.kz
Дархан Қыдырәлі Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды, - делінген хабарламада.
Мемлекет басшысының жарлығымен Парламент Сенатының депутаты Асқар Шәкіровтің өкілеттігі тоқтатылды.
Еске салайық, биыл қыркүйекте Дархан Қыдырәлі ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымынан босатылған еді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Ұстаздар туралы қызықты деректер керек
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова