Петропавлда алапат өрттен 20 жастағы әйел мен екі кішкентай бала қаза тапты

Петропавлда алапат өрттен 20 жастағы әйел мен екі кішкентай бала қаза тапты
Фото: © pkzsk.info

Петропавлда Волочаевская көшесіндегі үйде шыққан өртті сөндіру барысында үш адамның - 2003 жылы туған әйел мен 2022, 2018 жылы туған балалардың денелері табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Петропавловск.news басылымына сілтеме жасап.

Өрт туралы ақпарат өртсөндірушілерге 25 қыркүйекте сағат 21:35-те түскен. Бес минуттан кейін СҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметкерлері оқиға орнына барған. Келген кезде ағаш үй жанып жатқаны анықталды. Өртті сөндіруге 15 адам және үш техника жұмылдырылған.

© pkzsk.info

Өрт сағат 22:36-да ауыздықталды. Өрттің жалпы ауданы 19 шаршы метр болады.

"Оқиға орнына облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, ТЖ департаментінің бастығы Ерік Сарыбаев және Полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдулдинов барды. Жергілікті атқарушы органдар қаза тапқандардың туыстарына көмектесуге уәде берді", - делінген басылым мәліметінде.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова